Қазақ тілді онлайн медианы дамытуға, сапалы контентті арттыруға және Интернет желісінің қазақ тілді сегментіндегі өзекті мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірегей кәсіби алаң.
Біз туралы
Елордада өтетін жыл сайынғы қазақ тілді онлайн контент жасаушылар Форумы медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен влогерлердің басын қосады.

Осы жылдар ішінде QazForum сарапшылар мен мамандар басын қосып, қазақ тілді онлайн медианың дамыту мәселелерін талқылайтын жалғыз алаң ретінде танылды. 2018 жылдан бері Форум аудиториясы кеңейіп, енді қатысушылар мен спикерлер кез келген онлайн ресуртағы қазақ тілді контенттің мәселелерін қарастыратын болды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев шараны өткізу бастамасын құптайды және жыл сайын Форумның ашылуында құттықтау сөз сөйлейді. Жалпы үш жылдың ішінде шараға 400-ден астам адам қатысты. Форум спикерлері ретінде танымал медиа мамандар, менеджерлер, блогерлер және журналистер шақырылады.

Шара құрылтайшысы – Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі.

Ұйымдастырушысы – Қазақстан Баспасөз клубы.

IV Форум 2020 жылдың 7 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы, Hilton Garden Inn қонақ үйінде өтеді.
QazForum 2020 не үшін баруыңыз керек?
Сарапшылардың пікірін білу үшін
Қазақ тілді онлайн медиа мен әлемнің соңғы жаңалықтарынан хабардар болыңыз

Жаңа дағдыларды үйрену үшін
Шара барысында шетелдік және отандық медиа сарапшылардың шеберлік сыныптары өткізіледі

Танысу
Форумда бүкіл Қазақстаннан 200-ден аса медиа сарапшылар жиналады. Бұл – тәжірибе алмасу және жаңа іскери және кәсіби байланыс орнату мүмкіндігі!

Өзің туралы айту
Егер сізде өзіңіз жайлы қызықты кейс, басқалармен бөлісе алатын тәжірибеңіз немесе біліктілік болса, QazForum 2020 алаңы таптырмайтын мүмкіндік береді.
Спикерлер - 2020
Бізді қолдады
БАЙЛАНЫС
Қосымша сұрақтар мен ұсыныстарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз. Міндетті түрде жауап береміз!
Ізгі ниетпен,
QazForum 2020 ұйымдастыру комитеті


Тел.: 8 (7172) 72-80-62
E-mail: qazforum@gmail.com
Made on
Tilda